Әлем • 11 Қыркүйек, 2020

Ресейлік ғалымдар коронавирусты емдеу әдісін ойлап тапты

1084 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік ғалымдар коронавирусты емдеу әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейлік ғалымдар коронавирусты емдеу әдісін ойлап тапты

Енді қауіпті дерттің шырмауында қалып, тынысы тарылып жатқан азаматтарға жасанды дем беретін аппараттың көмегінсіз-ақ айығып шығуға мүмкіндік туды. Зерттеулер нәтижесіне сәйкес, коронавируспен ауыратын елу науқастың біреуі ғана гелий-оттегі қоспасымен дем алғаннан кейін жасанды желдетуді қажет етті. Бұл туралы Ресейдің иммунологтар ғылыми қоғамының президенті, Ресей ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми директоры Валерий Черешнев мәлімдеді.

Пневмонияның  асқынып, тыныс алу беті күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасының әсері жасанды желдетуден едәуір асып түседі. Осы жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында 50 адамға сынақ ретінде қолданылыпты. Нәтижесінде, 50-дің ішінен тек 1 адамды ғана жасанды тыныс беретін аппаратқа қайта қосқан. Сөйтіп Сыктывкардағы республикалық ауруханада ұстау тәжірибесі оң нәтиже берді.

Дәрігерлердің айтуынша микробиологтер бастапқыда осындай ингаляция кезінде қолданылған қондырғыларды жетілдіріп, дем шығаратын ауаның бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдады. Қазір оны  жаппай өндіріске жіберу  жағы қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025